«Қазақтелеком» АҚ биыл тауар мен қызмет түрлерін сатып алуға 77 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсамақ

АЛМАТЫ. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Қазақтелеком» АҚ биыл тауар мен қызмет түрлерін сатып алуға 77 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсамақ.
None
None
Бұл кеше «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның отандық өндірісшілерден тауар және қызмет көрсету түрлерін сатып алу шаралары туралы алматылық кәсіпкерлермен өткізген алқалы жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақтелком» АҚ өткен жылы тауар мен қызмет түрлерін сатып алуға 91 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсаған болатын. Ұлттық компанияның басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, оның 40 пайыздан астамы ғана отандық өндірісшілердің үлесіне тиді. Сондай-ақ бұл қаражат негізінен қызмет түрлерін сатып алуға жұмсалды. «Биыл тауар мен қызмет түрлерін сатып алуға 77 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалмақ. Былтыр отандық өндірісшілерден сатып алынатын кабель өнімдерін 66 пайыздан асырған болатынбыз. Биыл ол 90-93 пайызға дейін жеткізілмек. Қазірдің өзінде-ақ, бұл бағытта қазақстандық көптеген компаниялармен келісімшарттар жасап жатырмыз», дейді А. Жұмағалиев.
Соңғы жаңалықтар