«Қазақтелеком» АҚ «DIGITAL TV» ЖШС-ның ерікті түрде таратылатынын хабарлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақтелеком» АҚ «DIGITAL TV» ЖШС-ны ерікті түрде тарататынын хабарлады, делінген Қазақстандық қор биржасы хабарламасында (KASE).
«Бағалы қағаздары Қазақстандық қор биржасының ресми тізіміне алынған «Қазақтелеком» АҚ ресми хатпен KASE-ге: 2014 жылдың 19 ақпанында өткен «Қазақтелеком» АҚ-ның Директорлар кеңесі отырысында «DIGITAL TV» ЖШС-ны ерікті түрде тарату туралы шешім қабылданғанын хабарлады.
«DIGITAL TV» ЖШС-ны ерікті түрде тарату 2014 жылғы 19 ақпаннан басталды, бұл үрдіс 2015 жылдың 1 тоқсанында аяқталмақ.