«Қазақтелеком» АҚ отандық жеткізушілерден тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу туралы 368 келісім жасасты

АЛМАТЫ. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ тапсырмасына  сәйкес  тауарлар, жұмыстар  және қызметтер түрлерін сатып алуда қазақстандық үлесті арттыру жөніндегі бағдарламаны орындау үшін,  «Қазақтелеком» АҚ ағымдағы жылдың алты айында 49 жеткізіп берушімен ынтымақтастық туралы меморандум ауқымында 368 келісім жасасты,

«Қазақтелеком» АҚ отандық жеткізушілерден  тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу туралы 368 келісім жасасты

деп хабарлайды ҚазАқпарат АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Қазақтелеком» АҚ әріптестік жұмыс жасайтын қазақстандық компаниялардың ауқымы кең. Олар - Алматы қаласы, Қарағанды, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысы және басқа да өңірлердегі кәсіпорындар.  Отандық өндірушілер тауар, жұмыс және қызметтің  көптеген түрлерін ұсынады, солардың ішіндегі басым  бөлігі кәбілдік-өткізгіш өнімдер мен  жинақтаушы материалдар.

«Импорт алмастыру  бағдарламасын жүзеге асыру ауқымында  «Қазақтелеком» АҚ өткен жылы  қазақстандық тауарлар, жұмыстар және қызметтер түрлерін сатып алу көлемін 42 пайызға дейін жеткізді.  Биылғы жылы бұл көрсеткішті 50 пайыздық мөлшерден асырамыз деп үміттенеміз. Бұл үлес осылайша жылдан-жылға арта береді», - деді «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев.