«Қазақтелеком» АҚ үздік қызметкерлерді марапаттады

АЛМАТЫ.  Тамыздың   3-і. ҚазАқпарат - «Қазақтелеком» акционерлік    қоғамының  117    қызметкері еліміздің телекоммуникация саласын дамытуға қосқан үлесі  үшін   «Құрметті байланысшы»   атағын  алды.

«Қазақтелеком» АҚ  үздік  қызметкерлерді марапаттады

Бұл наградалар    тамыз  айының    алғашқы жексенбісінде аталып өткен    көлік және байланыс  қызметкерлерінің кәсіптік мерекесінің  құрметіне  беріліп    отыр,   деп   хабарлады  компанияның баспасөз қызметінен. Марапатталғандардың  жетеуі - орталық аппараттың,   қалған 110-ы  филиалдардың  қызметкерлері. 

Сондай-ақ «Қазақтелеком»  акционерлік қоғамы  басқармасы  мен  «Қазақстанның  байланыс саласы  қызметкерлерінің  кәсіподағы»    қоғамдық   бірлестігінің   бірлескен   шешіміне сәйкес,  компанияның 237 қызметкері   корпоративтік  наградамен - «Қазақтелекомның»   Құрмет грамотасымен  аталып  өтті.

Биыл аталып өтетін  «Қазақтелекомның» 15 жылдық мерейтойына байланысты,    бірқатар  аудандық телекомуникация  тораптары  мен  «Қашықтықтағы  байланыс» ғарыштық байланыс   бірлестігі  орталығының  ұжымдары  кәсіби жетістіктері    үшін    «Филиалдардың  үздік   құрылымдары» номинациясында       атап   өтілді.  

Сондай-ақ  саланың 8052 ардагеріне  57 250  мың теңге соманың  қайырымдылық  көмегі бөлінді.