«Қазақтелеком» екі жылдың ішінде 128 млрд. теңге үнемдеді - Ө.Шөкеев

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақтелеком» халықаралық консультанттарды тарту арқылы екі жылдың ішінде 128 млрд. теңге үнемдеді. Бұл туралы КТК телеарнасының «Халық қызметшісі» бағдарламасына сұхбат берген «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

«Қазақтелеком» екі жылдың ішінде 128 млрд. теңге үнемдеді - Ө.Шөкеев

Оның атап өтуінше, бүгінде холдингтің құрамына кіретін барлық компанияларда шығыстарды қысқарту енгізілген. Мәселен, мұндай шара компанияға қарасты «Қазақтелеком» АҚ-на енгізілген.

«Қазақтелеком» жартылай жекеменшік компания. Онда меншік иесі жіті бақылау жүргізіп отыр. Олар халықаралық компаниядан арнайы консультанттар жалдаған. Олар кәсіпорындардан қаржы үнемдеудің жолдарын өздері іздестіріп, содан белгілі бір мөлшерде пайыз алады», - деді ол.

Сонымен қатар, қор басшысы аталған бастама енгізілген екі жылдың ішінде «Қазақтелеком» компаниясының қанша қаржы үнемдегенін де атап өтті. «Бұл бастамалар екі жылдың ішінде 128 млрд. теңге үнемдеуге мүмкіндік берді», - деді қор басшысы.