«Қазақтелеком» функциялары мен сервистері кеңейтілген telecom.kz порталын іске қосты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақтелеком» АҚ-ның жаңартылған telecom.kz порталы іске қосылды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

«Қазақтелеком» функциялары мен сервистері кеңейтілген telecom.kz порталын іске қосты

Бұл порталдың бұрынғы нұсқасынан ерекшелігі, абоненттер үшін көбірек функцияларды атқаруында және ол ақпараттық-талдау сайтынан қызметтерді басқару және онлайн төлеу мүмкіндігімен интерактивті интерфейсті портал функциясына көшті.

Жаңартылған порталдың заманауи дизайны және пайдаланушыларды компанияның қызметі туралы ақпараттандыруды, қызметтер туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуді, жеке тұлғалардан құралған абоненттердің қызметтерді басқару үрдісін оңтайландыруды, кері байланыс жүйесін құруды, онлайн режімінде қызметке ақы төлеу мүмкіндігін қалыптастыруды қамтитын жаңа функциялары бар. Тариф пен қызметтер пакетін қолайлы таңдау үшін «Қазақтелеком» АҚ-ның барлық қызметі - Интернетке, телевидение, телефонияға қолжетімділік қызметтері, хостинг қызметтері және т.б. виртуалдық витринасы құрылған. Порталдағы жеке кабинеті арқылы абонент кез келген уақытта сол немесе өзге қызметке қосылудың техникалық мүмкіндігін айқындап, қосылған қызметтердің тізімін, осы айдағы немесе өткен айлардағы төлемақы түбіртектерін ала алады, төлем жүргізіп, ішінара қызметтерді басқарып, абонентке қатысты ақпаратты алуға болады. Тіркелген пайдаланушылар басқа ұйымдардың түрлі қызметтеріне (тіркелген, ұялы, жерсеріктік байланыс, кабельді және жерсеріктік телевидение, Интернет, т.б.) төлем жүргізе алады. Төлем карталарының деректері порталда сақталмайды - төлемдер басқа төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады. «Қазақтелеком» АҚ қызметтеріне төлемді «Қазкоммерцбанк» төлем картасы арқылы порталда комиссиясыз қабылдайды. Басқа банктердің төлем картасының иегерлері порталда қызметке төлемді 2015 жылғы 20 мамырдан бастап комиссиясыз төлеу мүмкіндігіне ие болады. Ресурс кез келген құрылғыдан қолжетімді. iOS және Android базасындағы құрылғылар үшін мобильдік нұсқа әзірленуде. Мобильдік нұсқаның ақпараттық контенті мен функциялары порталдық нұсқасына толық сай келетін болады.