«Қазақтелеком» қосымша төлем арқылы ғаламтор жылдамдығын арттыратын қызметін іске қосты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қазаннан бастап «Қазақтелеком» АҚ Интернет желісінде ішкі және сыртқы ресурстарға қолжетімділікті 100 Мбит/с жылдамдыққа дейін арттыратын жаңа сервисті іске қосты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.

«Қазақтелеком» қосымша төлем арқылы ғаламтор жылдамдығын арттыратын қызметін іске қосты

Бұл қызметті iDNet абоненттері болып табылатын жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер жеке кабинеті арқылы пайдалана алады. Яғни, iDNet пайдаланушысы өзінің жеке кабинеті арқылы қосымша төлем төлеп, Интернет желісінің жылдамдығын 100 Мбит/с дейін арттыра алады. «Турбо-жылдамдық» деп аталатын бұл қызмет қажетті мәліметті Интернетке жүктеу немесе одан жүктеп алу үшін желі жылдамдығын жылдам арттыруға мүмкіндік береді. Аталмыш сервис «iDNetHit/Light/Turbo/TurboLight» тарфитері үшін жарамды, сондай-ақ оның құны таңдалған уақыт аралығына байланысты (6 сағатқа, түнгі уақытқа немесе 1 тәулікке) болады.