«Қазақтелеком» мен Alcatel-Lucent компаниялары елордада гигабиттік пассивті оптикалық желіні іске қосты

Таратылған мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның жетекші байланыс операторы «Қазақтелеком» компаниясы жеке абоненттер мен корпоративтік тапсырыс берушілер үшін бейне көруге арналған (VoD) және жоғары жылдамдықты Интернетке кіру секілді қазіргі заманғы кеңжолақты қызмет түрлерін жеткізу мақсатында жаңа желіні қолданатын болады. Аталған желіні өрістету қолданыстағы xDSL желісінің инфрақұрылымын талшықты-оптикалық технологиялармен алмастыру жөніндегі «Қазақтелеком» компаниясының стратегиялық жоспарын жүзеге асыру бойынша алғашқы қадамы болып табылады.
GPON технологиясын қолдану арқылы «Қазақтелеком» компаниясына Қазақстан аумағындағы кеңжолақты Интернет үлесін арттыруға мүмкіндік бермек.
Alcatel-Lucent белгіленген кеңжолақты желі саласының әлемдік көшбасшысы болып табылады. Компания аталған нарықта дыбыс, бейне және басқа да мәліметтерді таратуға арналған шешімдердің ең ірі орныққан базасына қолдау көрсетеді.