Қазақтелеком «Нұрсатты» жабатын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құнды қағаздары Қазақстанның қор биржасында (KASE) ресми тізімге алынған «Қазақтелеком» АҚ (Астана) өзінің директорлар кеңесінің телекоммуникациялық оператор «Нұрсат» АҚ-ны ерікті түрде жою жөніндегі шешімін KASE-ге хабарлады.

 Қазақтелеком «Нұрсатты» жабатын болды

Бұл шешім 2017 жылдың 31 мамырында қабылданған, деп хабарлайды қор биржасының сайты .

Еске сала кетсек, «Нұрсат» АҚ 1996 жылы құрылған болатын.