"Қазақтелеком" жаңа тарифтік жоспарларын енгізеді

Бұл туралы компанияның баспасөз баяннында хабарланды.
«Megaline Hit Optima» және «Megaline Light Optima» екі тарифтік жоспарына мынаай параметрлер орнатылған: Интернет желісінің сыртқы ресурстарына қолжетімділік жылдамдығы кіру және шығу бағыттарына 1 Мбит/с-қа дейін.Сыртқы ресурстар ағынының табалдырығы - 40 Гб, бұл орайда түнгі уақытта (00.00 до 8.00ч.) сыртқы ресурстарға ағын көлемі шектеусіз. Күндізгі уақытта (08.00 до 00.00) ағын табалдырығынан асып кетсе, сыртқы ресурстарға қолжетімділік 256 Кбит/-ға дейін төмендейді. Ішкі ресурстарға қолжетімділік кіру бағытында 30 Мбит/с және шығу бағытында 15 Мбит/с құрайды. Ішкі ресурстарға ағын көлемі есептелмейді және қолжетімдік жылдамдығы төмендемейді. Ай сайынғы төлем ҚҚС-ын қоса есептегенде 5600 теңге болады.
"iD Net Drive" тарифтік жоспарының параметрлері мынадай: Интернет желісінің сыртқы ресурстарына қолжетімділік жылдамдығы кіру және шығу бағыттарына 8 Мбит/с-қа дейін.Сыртқы ресурстар ағынының табалдырығы - 40 Гб, бұл орайда түнгі уақытта (00.00 до 8.00ч.) сыртқы ресурстарға ағын көлемі шектеусіз. Күндізгі уақытта (08.00 до 00.00) ағын табалдырғынан асып кетсе, сыртқы ресурстарға қолжетімділік 256 Кбит/-ға дейін төмендейді. Ішкі ресурстарға қолжетімділік кіру бағытында 30 Мбит/с және шығу бағытында 15 Мбит/с құрайды. Ішкі ресурстарға ағын көлемі есептелмейді және қолжетімдік жылдамдығы төмендемейді. Ай сайынғы төлем ҚҚС-ын қоса есептегенде 5600 теңге болады.