«Қазақтелеком» Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін интернет жылдамдығын арттырады

АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікке ие абоненттер санын көбейту  және  қосылу  жылдамдығын арттыру, 2012 жылға байланыс қызметтеріне тарифті төмендету жөніндегі  Іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қазақтелеком» АҚ  1 желтоқсаннан бастап жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін Интернеттің ішкі  және сыртқы ресурстарына қосылу жылдамдығын ай сайынғы төлемді өсірмей, 2 есеге арттырады. Бұл жайында аталған министрліктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Қазақтелеком» Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін интернет жылдамдығын арттырады

Бұл жаңалық негізінен лимитсіз тарифтік жоспарын  пайдаланушы абоненттерге қатысты болды. 

Естеріңізге салып өтейік,  осымен қатар, жоғарыда аталған жоспарға сәйкес «Қазақтелеком» АҚ ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап жеке тұлғалар үшін  «iD Net» тарифтік жоспарына абоненттік төлемақыны өсірмей,  Интернетке қосылу жылдамдығын көбейтті.

Осылайша, ішкі ресурстарға қосылу жылдамдығы 100 Мбит/с-қа дейін,  ал сыртқы ресурстарға - 30 Мбит/с-қа дейін артты. Сонымен бірге трафик көлеміне лимит қойылған жоқ.