«Қазақтелекомда» қаражат жымқыру ісі: Қуанышбек Есекеевтен куәгер ретінде жауап алынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақтелеком» АҚ басшысы Қуанышбек Есекеевтен компаниядағы қаражат жымқыру ісі бойынша куәгер ретінде жауап алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақтелекомда» қаражат жымқыру ісі: Қуанышбек Есекеевтен куәгер ретінде жауап алынды

«Ол (Қуанышбек Ескеев) компанияның басшысы. Алайда іс бойынша тергеліп жатқан жоқ. Қазіргі кезде одан куәгер ретінде жауап алынды», - деді Олжас Бектенов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.