15:23, 15 Қазан 2012 | GMT +5
«Қазақтелекомды» монополистік құқықтан айыру қажет - Д. Назарбаева
АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Еліміздегі интернет желісі қызметін монополиядан арылтып, «Қазақтелекомды» монополистік құқығынан айыру қажет. Бүгін Парламент Мәжілісінде Бәсекелестікті қорғау агенттігі қызметінің негізгі бағыттары тақырыбында өткен Үкімет сағатында депутат Дариға Назарбаева осы мәселені көтерді.
«Бүгінгі таңда еліміздегі «Қазақтелеком» монополистік компания болып отыр. Оның мүмкіндіктері мол, бұл турғыдан Үкіметті де дауласып жеңе алмайсың. Осы саланы бәсекелестік ортаға беру мәселесін қарастырып жатырсыздар ма? Өйткені, бұндай жағдайға толық мүмкіндік те, нарықтағы ойыншылар да баршылық. Ендеше осы салаға басқа да компаниялардың енуіне жағдай жасалуы керек. Оның үстіне бүгінгі таңда интернетсіз ешкім жұмыс істей алмайды», - деді Д. Назарбаева. Сонымен қатар, депутат «Қазақтелекомды» демонополизациялауды қарастыру қажеттігін айтты.