Қазақтың «Ағажай» музыкалық драма театры - Үрімші сахнасында

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ризабек Нүсіпбекұлы/- Қытайдағы қандастарымыз құрған «Ағажай» музыкалық драма театры Халықаралық әйелдер мерекесін тойлау барысында Үрімші қаласы тұрғындарының көзайымына айналды.

Қазақтың «Ағажай» музыкалық драма театры - Үрімші сахнасында

Бұл туралы ҚазАқпарат Щинхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ағажай» ـــ Қытай қазақтарына кеңінен тараған байырғы халық әні.

«Өр Алтайдан дүркiреп ел көштi ғой,
Ақ даланың төсiнен оқ естi ғой.
Қара арғымақ сүрiнiп қу томарға,
Қара нардың бұйдасын жау кестi ғой.
Ағажай, Алтайдай жер қайда-ай!
Елiм көшiп, аңырап жерiм қалды,
Асқар асу шұрайлы белiм қалды.
Омырауын қарт ана жаспен жуып,
Қарай-қарай мекенге көзiм талды.
Ағажай, Алтайдай жер қайда-ай!»,- деп шырқалатын бұл әнде ащы мұң, өзектi өртер сағыныш, елiнен, жерiнен айырылған халықтың аянышты халi суреттеледі. Осы әнді негіз етіп құрылған «Ағажай» музыкалық драма театры Алтай қазақтарының дәстүрлі ән-биін жаңарту, халқымыздың тұрмыс-салтын насихаттау мақсатында жұмыс жасап келеді.

Осы жолғы қойылымда қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті терең бейнеленді, сөйтіп ұжым Қытайдағы түрлі ұлт өкілдерінің ыстық ықыласына бөленді.