Қазақтың балуан қыздарының рейтингі жігіттерге қарағанда жоғары тұр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен күрес әлемі дүниежүзіндегі ең үздік балуандардың жаңартылған рейтингісін жариялады. Онда қазақстандық балуан жігіттерге қарағанда аруларымыздың жетістіктері әлдеқайда жоғары болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлемдік рейтингте әйелдер күресінің қорытындысы бойынша бір аруымыз 4-орыннан көрінсе, грек-рим мен еркін күрестегі балуан жігіттеріміз рейтингті 6-орыннан бастап тұр.
Қазақстан құрамасының қыздары арасында ең үздік нәтиже Аяулым Қасымоваға тиесілі болса, грек-рим мен еркін күресте Алмат Кебісбаев пен Ақжүрек Таңатаров үздік ондықтан орын алған.
Енді күрестің үш түрінен жаңартылған рейтингтің толық нәтижесімен таныс болайық.
Әлемдік рейтинг. Әйелдер күресі
48 кг. 1. Эри Тосака (Жапония); 2. Мария Стадник (Әзербайжан); 3. Юи Сусаки (Жапония); ...8. Ирина Борисова (Қазақстан);
53 кг. 1. Хелен Марулис (АҚШ); 2. Саори Ешида (Жапония); 3. София Маттсон (Швеция); 5. Жұлдыз Ишимова (Қазақстан);
55 кг. 1. Маю Мукайда (Жапония); 2. Одунае Адекуорее (Нигерия); 3. Сае Нанзо (Жапония);
58 кг. 1. Каори Ите (Жапония); 2. Марва Амри (Тунис); 3. Айсулу Тыныбекова (Қырғызстан);
60 кг. 1. Пей Синру (Қытай); 2. Аллисон Раган (АҚШ); 3. Любовь Овчарова (Ресей); 4. Аяулым Қасымова (Қазақстан);
63 кг. 1. Рисако Каваи (Жапония); 2. Юлия Ткач (Украина); 3. Мария Мамошук (Беларусь); ...17.Екатерина Ларионова (Қазақстан);
69 кг. 1. Сара Досе (Жапония); 2. Наталья Воробьева (Ресей); 3. Йенни Франссон (Швеция); 11.Эльмира Сыздықова (Қазақстан);
75 кг. 1. Ерика Уибе (Канада); 2. Юстина Дистасио (Канада); 3. Ясемин Адар (Түркия); 10. Гүлмарал Еркебаева (Қазақстан); 12. Гүзель Манюрова (Қазақстан).
Біріккен күрес әлемі дүниежүзіндегі ең үздік балуандардың рейтингісін жариялады. Еркін күрес бойынша жасалған рейтингте Қазақстанның 7 балуаны ең мықты деген 20 балуанның қатарына кірген.
Ең үздік нәтижеге 70 келі салмақтағы балуандарымыз ие. Жақында ғана Азия чемпионы атанған Ақжүрек Таңатаров сол жетістігінен кейін бірден 6-орынға көтерілген. 7-орында 2016 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Нұрлан Бекжанов тұр.
Әлемдік рейтинг. Еркін күрес
57 кг. 1. Хасан Рахими (Иран); 2. Георгий Едишерашвили (Әзірбайжан); 3. Сулейман Атлы (Түркия); 18. Нұрислам Санаев (Қазақстан);
61 кг. 1. Владимир Хинегашвили (Грузия); 2. Ахмед Чакаев (Ресей); 3. Логан Стайбер (АҚШ); 12. Дәулет Ниязбеков (Қазақстан);
65 кг. 1. Сослан Рамонов (Ресей); 2. Франк Чамисо (Италия); 3. Ильяс Бекболатов (Ресей);
70 кг. 1. Магомед Курбаналиев (Ресей); 2. Джеймс Грин (АҚШ); 3. Исраил Касумов (Ресей); 6. Ақжүрек Таңатаров (Қазақстан); 7. Нұрлан Бекжанов (Қазақстан);
74 кг. 1. Анвар Гедуев (Ресей); 2. Сонер Демиртас (Түркия); 3. Джабраил Гасанов (Әзербайжан); 16.Жігер Зәкіров (Қазақстан);
86 кг. 1. Абдурашид Садулаев (Ресей); 2. Хассан Яздани Черати (Иран); 3. Даурен Купруглиев (Ресей); 17. Әділет Дауламбаев (Қазақстан);
97 кг. 1. Кайл Снайдер (АҚШ); 2. Магомед Ибрагимов (Өзбекстан); 3. Риза Иылдырым (Түркия);
125 кг. 1. Таха Ақгүл (Түркия); 2. Гено Петриашвили (Грузия); 3. Комейл Госеми (Иран); 18. Іңкәр Ермұхамбет (Қазақстан).
Біріккен күрес әлемі дүниежүзіндегі ең үздік балуандардың рейтингісін жариялады.
Грек-рим күресінен түзілген тізімде әлем біріншілігінің үш дүркін жүлдегері, Азия чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері Алмат Кебісбаевтың нәтижесі басқа балуандарымызға қарағанда жақсырақ. Алмат мұның алдындағы рейтингпен салыстырғанда бес саты жоғары көтерілген. Қазір - 6-орында тұр.
Әлемдік рейтинг. Грек-рим күресі
59 кг. 1. Исмаэль Борреро (Куба); 2. Шинобу Ота (Жапония); 3. Кениширо Фумита (Жапония); 13. Мейрамбек Айнақұлов (Қазақстан);
66 кг. 1. Артем Сурков (Ресей); 2. Давор Штефанек (Сербия); 3. Сослан Дауров (Беларусь); 6. Алмат Кебісбаев (Қазақстан);
71 кг.1.Расул Чунаев (Әзірбайжан); 2. Балинт Корпаси (Венгрия); 3. Александр Максимович (Сербия);
75 кг. 1. Роман Власов (Ресей); 2. Марк Мадсен (Дания); 3. Ким Хеон Во (Оңтүстік Корея); 16.Мақсат Ережепов (Қазақстан);
80 кг. 1. Рамазан Абачараев (Ресей); 2. Зураб Датунашвили (Грузия); 3. Аслан Атем (Түркия); 18.Даниял Гаджиев (Қазақстан);
85 кг. 1. Виктор Леринц (Венгрия); 2. Николай Байряков (Болгария); 3. Ислам Аббасов (Әзірбайжан);
98 кг. 1. Ясман Луго (Куба); 2. Александр Грабовик (Беларусь); 3. Артур Алексанян (Армения);
130 кг. 1. Михаин Лопес (Куба); 2. Риза Каяалп (Түркия); 3. Сергей Семенов (Ресей); 19. Нұрмахан Тінәлиев (Қазақстан).