Қазақтың биологиялық төл таңбасын заңдастыратын кез келді ? этнограф Жағда Бабалық

АЛМАТЫ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Қазақ отбасында дүниеге келген әр сәбидің 2 жасқа дейін жамбасында көк таңба болады.
None
None
Табиғи, биологиялық бұл таңбаны ұлттық ерекшелік ретінде заңдастыратын кез келді». Оны қазақтың аса көрнекті этнограф ғалымы Жағда Бабалық Алматыда өткен «Қазақтың мәдени ұлттық брендін қалыптастыру: тәжірибе және болашағы» деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Мұндай таңба қазақ халқында 100 пайыз кездеседі. Сондай-ақ белгілі бір деңгейде қырғыз бен моңғолда бар. Өзбек, ұйғыр, татар сияқты өзге халықтарда жоқ. Осы биологиялық таңбаны біз ғылыми түрде дәлелдеп, қазақтың биологиялық таңбасы дейтін сөзге ие болуымыз керек», дейді Жағда Бабалық. Оның айтуынша, бұл мәселе жұртшылық арасында көптен бері сөз болып жүргенімен оған ғылыми түрде әлі нақты баға берілген жоқ. Ғалымдар арасынан да оның жай-жапсарын анықтауға белсеніп шыққан ешкім табылмай отыр.
Соңғы жаңалықтар