Қазақтың ең әйгілі фильмінің еліміздегі прокаты басталды

АЛМАТЫ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап Қазақстан кинотеатрларында халықаралық кинофестивальдерден 1 жылда 30-ға жуық жүлде алған және қазақ киносында тұңғыш рет ең жоғарғы "А" сыныптағы Берлин кинофестивалінің байқау бағдарламасына қатысып қана қоймай, одан "Күміс аю" жүлдесін олжалаған Эмир Байғазиннің «Асланның сабақтары» көрермен назарына ұсынылады.

Қазақтың ең әйгілі фильмінің еліміздегі прокаты басталды

Кеше Алматыдағы«Арман» кинотеатрындатуындысының тұсаукесерін өткізген ол бұл өзінің алғашқы толық метражды фильмі екенін айтып, болашақта мелодрама жанрында да жұмыс істеуге ынталы екенін жеткізді. Қазіргі таңда ол "Жаралы періште" деп аталатын жаңа картинамен жұмыс жасап жатқан көрінеді.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті Ермек Аманшаевтың айтуынша, әр картинаның өз тағдыры болады. Мәселен 2012 жылы жарық көрген "Асланның сабақтары" қысқа уақыттың ішінде сегіз халықаралық фестивальде Бас жүлде алып үлгерді. Алдағы уақытта тағы 7-8 беделді өнер додаларында өз бағын сынап көрмек. Сондай-ақ келесі жылы оны Австрия, Жапония, Франция, Португалия жұртшылығы тамашалауға мүмкіндік алмақ.

Фильмнің ресми трейлерін төменнен көре аласыздар.