Қазақтың Қаныш Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық университетінің 75 жылдығына орай жеңіл атлетикадан студенттер арасында жарыс өтеді
АЛМАТЫ. Қазанның 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда қазанның 4-і күні «Хан Тәңірі» стадионында студенттер арасында жеңіл атлетикадан жарыс өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазҰТУ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл шара Қазақтың Қаныш Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық университетінің 75 жылдығына арналып отыр. Ол студент жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және корпоративтік мәдениетті қалыптастыру мақсатын көздейді. Жарыс кезінде қыздар - 800, ерлер - 1500 метрге жүгірмек. Жеңімпаздарды университеттің дене шынықтыру кафедрасы мен спорт клубының бапкерлерінен құралған қазылар алқасы анықтайды. Жарыс соңында үздіктер қатарынан орын алғандарға жоғары оқу орнының кәсіподақ комитетінің бағалы сыйлықтары мен грамоталары табыс етіледі.