Қазақтың киіз үйі «Хан шатыр» кешенін салуға негіз болған басты элементтердің бірі - құрылыс компаниясының Бас директоры

одан керемет ләззат алуларына қажетті жағдай жасауды басты бағыт етіп ұстадық», дейді нысанды тұрғызған «Сембол» құрылыс компаниясының Бас директоры Айтекін Гүлтекін. Бұл туралы ол бүгін аталмыш кешеннің аяқталуына байланысты журналистермен болған баспасөз мәслихатында мәлім етті.
Бас директордың айтуынша, елордада қыс мезгілінде басқаны қойғанда көше кезіп жүрудің өзі мүмкін емес суықтар болады. «Хан шатыр» сияқты алып кешенді салу арқылы біз осы олқылықтың орнын жабуға тырыстық. Бұл халықтың әлеуметтік қажеттілігіне орай дүниеге келген жоба. Оны жүзеге асыру барысында қазақтың салт-дәстүрімен байланысты құндылықтар назарға алынды. Мысалы қазақтың киіз үйі жобаға негіз болған басты элементтердің бірі. Кешен 130 мың шаршы метр аймақты алып жатыр. Оның құрылымы әлемнің бірде-бір мемлекетінде жоқ», деді Бас директор.
Сондай-ақ оның сөзіне қарағанда, кешенді әлеуметтік жоба деуге болады. «Басқаша айтқанда біз қаланың өсіп гүлденуіне ғана емес, ондағы халықтың әлеуметтік өмірінің оңалуына да үлес қосып отырмыз. Кешенді салуда біз оған келушілерді жоғарғы немесе төменгі топқа арналған деп жікке бөлген жоқпыз. Бұл жалпы халыққа арналған дүние», деді компания басшысы.
Оның айтуынша, осы уақытқа дейін елордада «Риксос» отелі, Тәуелсіздік сарайы, «Астана -арена» стадионы, Назарбаев университеті сияқты ірі кешендерді салған «Сембол» компаниясының өкілдері елордада қысқы Азия ойындарына қажетті конькимен сырғанауға арналған стадионды дайындап жатыр. Сонымен қатар аталмыш компания әскери академия ғимаратының құрылысы бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде.