Қазақтың Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының симфониялық оркестрі АҚШ-тағы концерттік турнесін бастады

sp;АСТАНА.  Қарашаның  13-і.  ҚазАқпарат -  Қазақтың Құрманғазы атындағы   ұлттық  консерваториясының    симфониялық оркестрі    АҚШ-тағы концерттік турнесін бастады.

Қазақтың Құрманғазы атындағы   ұлттық  консерваториясының    симфониялық оркестрі    АҚШ-тағы концерттік турнесін бастады

Әртістер    Нью-Йорктегі Карнеги -Холл,   Вашингтондағы Кеннеди орталығы  сияқты     танымал залдарда,   сондай-ақ   Лос-Анжелес,  Сан-Франциско  және  Бостон   қалаларының   залдарында     өнер көрсетеді.   Оркестрмен    Жәния Әубәкірова     өнер көрсетіп,  дирижерлер Қанат Омаров (Қазақстан) мен  Кристоф Мангу (Франция), композитор Ақтоты Раимқұловалар   да концертке  қатысады.

Бұл турнені   Білім және ғылым министрлігінің, Мәдениет  және  Ақпарат  министрлігінің,  Алматы әкімдігінің,    Қазақстанның  АҚШ-тағы Елшілігінің  қолдауымен    Қазақтың  Құрманғазы атындағы     ұлттық  консерваториясы  ұйымдастырып отыр.

Турне    қарашаның 13-і мен 24-і аралығында  өтеді.