Қазақтың М. Әуезов атындағы академиялық драма театры 83-ші маусымды «Айман-Шолпан» қойылымымен аяқтайды

АЛМАТЫ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Жанар Шағалақова/- Алматыда маусымның 28-і күні Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры 83-ші маусымының шымылдығын жабады,

Қазақтың М. Әуезов атындағы академиялық драма театры 83-ші маусымды «Айман-Шолпан» қойылымымен аяқтайды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Маусым Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан» қойылымымен аяқталады. Өнер ордасы бұл маусымда қала тұрғындары мен қонақтарының назарына 5 жаңа қойылымды ұсынған болатын. Олар Н. Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді», Қ. Мұхамеджанов пен Ш. Айтматовтың «Көктөбедегі кездесу», қырғыз драматургі Мар Байджиевтің «Қылмыс» драмалары мен Т. Мәмесейіттің «Бәкей қыз» трагедиясы және Ү. Ғаджыбековтың «Аршын Мал Алан» музыкалық комедиясы.