Қазақтың төл тарихы мен тұлғалары туралы жаңа бағдарлама жарыққа шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы мақаласында айтылған рухани жаңғыру аясында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі "Қазақстан" ұлттық арнасымен бірлесіп, қазақтың біртуар тұлғаларын, киелі жерлерін, рухани құндылықтарын дәріптейтін «Ұлы дала» бағдарламасын жарыққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоба төл тарихымыз бен нар тұлғаларымыздың тағылымды өмірі туралы жастарды кеңірек хабардар ету мақсатында жасалған. Онда «Таным», «Ұраным-Алаш!» «Тұлға», «Таным», «Ел мен жер», «Иман» сынды тақырыптары бойынша Алаш қайраткерлері, қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов, қуғын-сүргін жылдары жазықсыз атылып кеткен Шахзода Шонанова, қазақтың талай қайраткеріне жәрдем берген Алаш меценаты Қаражан Үкібаев, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, шежіреші, ақын және философ Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Жошы хан кесенесі, қазақтың ежелгі қалалары Сарайшық, Тараз туралы қысқаша деректер қамтылған.

Соңғы жаңалықтар
telegram