Қазақтың тұңғыш бард ақынын еске алу кеші өтеді

АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - 12 маусым күні Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада елордалық ақын-жазушылар, журналистердің ұйымдастыруымен  сирек талант, бард  ақын  Табыл Досымовты  еске алуға арналған

Қазақтың тұңғыш бард ақынын еске алу кеші өтеді

«Гитарадан  төгілген жыр» атты әдеби кеш өтеді.

Бағдарламада  Т. Досымов  туралы  түсірілген деректі фильмнің  тұсаукесері,  «Табылтануға талпыныс» атты  бөлімде   зерттеуші-ғалым, әдебиетші, қаламгерлер қазақтың тұңғыш бард ақынының шығармашылығын  талдап, зерттелуі   туралы   ой толғайды. Сондай-ақ, кеште естеліктер айтылып, Табылдың әндері орындалады.

Кешке Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Ғарифолла Есім, Мереке Құлкенов, Таласбек Әсемқұлов  т.б  қоғам қайраткерлері қатысады.