15:15, 16 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қазақтың Тұрар Рысқұлов атындағы экономика университетінде кезекті денсаулық спартакиадасы басталды
АЛМАТЫ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыдағы Қазақтың Тұрар Рысқұлов атындағы экономика университетінің оқытушы-профессорлары арасында дәстүрлі денсаулық спартакиадасы басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Университет ректоры Әли Әбішевтің айтуынша, бұл бәсеке биыл 46-шы рет өз жалауын көтеріп отыр. Оған еліміздің экономикалық білім беру саласындағы жетекші жоғары оқу орнының 500-дей оқытушы-ғалымдарының тең жартысы қатысуда. Олар енді бір апта бойы спорттың шахмат, дартс (нысанаға қысқа жебе лақтыру), волейбол, баскетбол, шағын футбол және армрестлинг сияқты спорт түрлері бойынша өзара сайысқа түспек. Жарыстың қорытындысы қаңтардың 21-інде белгілі болады.