Қазақтың ұлт болып қалыптасуы ХV ғасырда аяқталды - академик М. Асылбеков

АЛМАТЫ. 28 маусым. ҚазАқпарат - Қазақтың мемлекеттілігінің тарихы Алтын орда дәуірінде басталды.

Қазақтың ұлт болып қалыптасуы ХV ғасырда аяқталды - академик М. Асылбеков

Шоқан Уәлиханов атындағы тарих жән этнология инстититутының бас ғылыми қызметкері, ҚР ҰҒА академигі, тарихшы Мәлік Асылбеков бүгін Алматыда «Ұлттық сана қалыптастырудағы тарихи білім берудің маңызы» деген тақырыпта өткен дөңгелек үстел жиынында осылай айтты.

«Қазақтың ұлт болып қалыптасуы ХV ғасырда аяқталды. Шыңғыс ханға дейін біздің мемлекеттілігіміз болды. Үйсін, қаңлы, найман, түргеш, қыпшақтардың өз мемлекеттері болған. Керей мен Жәнібек сұлтандар бір күнде қазақ мемлекетін құрған жоқ», - дейді тарих ғылымының докторы М. Асылбеков.