Қазақтың ұлттық әуендері Парижде шырқалмақ
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Д.Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық қазақ халық аспаптар оркестрі Парижде өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ұлттық аспаптар оркестрінің концерті 28 мамыр күні Париждегі жалғыз классикалық концерттік зал - Гавода (Salle Gaveau) өтеді деп жоспарланып отыр. 53 әртістен құралған оркестр шетелдік тыңдарманға«Шуақты өлкенің шаттығы» бағдарламасын ұсынбақ. Дина мен Құрманғазының туындылары шырқалады.Одан бөлек, академиялық оркестрдің репертуарында Юбер Ив Адриан Жироның «Париж аспанының астында», Жорж Бизенің «Смит серенадасы», Нұрғиса Тілендиевтің «Кел еркем-Алатауыңа», «Пертская красавица» және тағы да басқа туындылар барә, - дейді Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасында.
Оркестр алдағы сапарға Қазақстандағы Франция елшілігінің шақыртуымен аттанған. Концерт Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың 10 жыл толуы аясында өткізіледі.