Қазалы ауданы кәсіпкерлерінің 43,6 пайызын әйелдер құрайды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазалы ауданының экономикасын ілгерілетуге үлес қосып отырған табысты жандар іскер әйелдер форумында бас қосты,-деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі аудандық әкімдікке сілтеме жасап.

Қазалы ауданы кәсіпкерлерінің 43,6 пайызын әйелдер құрайды - Қызылорда облысы

Басты мақсат - әйелдер мүмкіндіктерін кеңейту, әйел кәсіпкерлігін дәріптеу, бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламаларына әйелдердің қатысуын жандандыру.

Аудан әкімінің орынбасары С.Бабанаев: «ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытушылар саны 4173 бірлікті құраса, оның 1819-ы әйел кәсіпкерлер. Яғни, ауданда кәсіпкерлікпен айналысушылардың 43,6 пайызын әйел азаматшалар құрайды» - деді. 

Іскер әйелдер форумында нәзік жандылар өзара тәжірибе алмасып, жұмыстарын қорытындылады. Алда тұрған ортақ міндеттер туралы ой бөлісті.
Қатысушылар «бұл форум бізге білімімізді арттырып, бір-бірімізден көп нәрсе үйренуге мүмкіндік береді. Өзгелердің жетістіктеріне жаңаша көзқараспен қарап, қолдау жасауға ұмтыламыз» - дейді.

Форум қорытындысымен бір топ әйел кәсіпкерлер марапатталды.

Сондай-ақ қонақтар назарына ауданның әйел кәсіпкерлері ұйымдастырған тауарлар көрмесі көрсетілді.

Айта кетейік, Қазалы ауданында өткен іскер әйелдер форумы барысында «Айнұр» сауда орталығы ашылып, халық игілігіне пайдалануға берілді.