Қазалы, Сырдария және Шиелі аудандары дауыс беруде алда келеді
ҚЫЗЫЛОРДА. 3 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қазіргі сағаттарда Қызылорда облысында ҚР Президентінгің кезектен тыс сайлауында өз кандидиттарын таңдау үшін сайлау учаскелеріне келіп, дауыс берушілердің саны 50 пайыздан асты.
Облыс бойынша құрылған 335 сайлау учаскесінде 378 286 сайлаушы тіркелген болса, солардың 205 235 -сі өз таңдауларын жасап үлгерді.
Аудандар арасында Қазалы алда келеді. Бұл ауданда қазір 70 пайыздың төбесі көрінді. Одан кейінгі орындарға Сырдария және Шиелі аудандары жайғасты. Бұлардың алғашқысында 21 397 сайлаушының 15 240-ы, келесісінде 38 767 сайлаушының 23 344-і дауыс беріп болды.