Қазалыда ҚР гандбол федерациясының кубогы аяқталды - Қызылорда облысы (ФОТО)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы, Қазалы ауданында гандболдан 2000 ж.т және одан кіші жастағы қыздар арасында ҚР гандбол федерациясының кубогы аяқталды, деп хабарлады облыстыө дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Қазалыда ҚР гандбол федерациясының кубогы аяқталды - Қызылорда облысы (ФОТО)

Оған Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан 8 команда қатысты. Айтулы жарыс ҚР гандбол федерациясының қолдауымен биыл үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр.

Мақсаты - ауылдық елді мекендерде гандболды дамыту, жастарды спортқа тарту, саламатты өмір салтын насихаттау, достық қарым-қатынасты нығайту және тәжірибе алмасу.

Төрт күнге созылған тартысты ойынның нәтижесі бойынша Қызылорда қаласының командасы көш бастады. Екінші орынды Қазалы ауданы иеленсе, үшінші орынды Жаңақорған ауданының командасы еншіледі. Ал, төртінші орын Шиелі ауданына бұйырды.

Үздік ойыншылар - Феруза Ысқақова, Олеся Малышева, Татьяна Давыдова, Ксения Пупченкова, Жамира Нұрқожаева (барлығы Қызылорда қ.), Айғаныс Назар (Жаңақорған ауд.), Айсана Әбдікәрім (Қазалы ауд.).

Жеңімпаз және жүлдегер командалар медаль, диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.

2 3 4