Қазалыда мәслихат депутаттығына кандидат ардагер машиниспен кездесті
ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясынан Қазалы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Нұрмағанбетова Эльмира сайлаушылардың үйлерінде кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үміткер Қазалы локоматив депосында машинист болып құрметті еңбек демалысына шыққан, теміржолшылар әулетінің ақсақалы, аудандық ардагерлер төрағасының орынбасары Дінахметов Аманкелді ақсақалмен кездесіп, партияның алдағы 5 жылға жоспарлаған бағдарламасын таныстырды.
«Nur Otan» партиясының 5 жылға жоспарлап отырған бағдарламасымен танысқан ақсақал, өзгерістерге сенетінін, партияның нәтижелі істерін бұған дейін де көріп, естіп, біліп жүргенін айтып, алдағы науқанға сәттілік тіледі.