Қазалыда Сыр өңіріне белгілі тұлға - Е.Көшербаевты еске алуға арналған турнир басталды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. 26 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентінде кезінде облыстың үш ауданын басқарған көрнекті тұлға Елеу Көшербаевтың жарқын есімін еске алуға арналған грек-рим күресінен республикалық турнир басталды.
Ол екі топ бойынша, 1994-1996 және 1997-1998 жылдары туған балғындар арасында өтуде. Мұнда Астана, Тараз, Ақтөбе, Түркістан, Шымкент және Қызылорда қалаларынан келген 260 жас спортшы жергілікті талапкерлермен бірге жүлделерді сарапқа салуда. Биыл қатарынан бесінші жылы өтіп отырған турнир үш күнге созылып, 28 қараша күні аяқталады.