Қазалыда үшем дүниеге келді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазалы тұрғындары Қалибек және Кенжегүл Жаңабековтердің отбасында үшем жарық дүние есігін ашты, - деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Нәрестелердің үшеуі де ер бала. Әкесі сәбилерінің есімдерін Диас, Манас, Мансұр деп қойыпты.
Қазіргі уақытта бүлдіршіндердің денсаулығы бірқалыпты. Дегенмен, олар әлі де дәрігерлердің бақылауында болады. Бұған дейін бір қыз бала өсіріп отырған жас отбасы бірден үш ұлды болғандарына қуанышты.
Өткен жылы осындай уақытта осы өңірдегі Алпысбаевтар отбасында да үшем дүниеге келген болатын. Бүгінде Айбол, Ербол, Нұрбол есімді бүлдіршіндер 1 жасқа толды.