Қазалылықтар «Nur Otan» өкілдерімен қуаныш бөлісті
ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Қазалы аудандық филиалынан аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар жеміс-жидек сақтау қоймасында болып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үміткерлер Жарылқап Бақытжан, Иманалиева Гүлдәрі мен Әліпбаев Талғат нақты істердің партиясын насихаттап, тұрғындарды алдағы саяси науқанда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Базардағыдан 15-20 пайызға төмен бағада сатылып жатқан тауарларды саудалаушы тұрғындар, кандидаттармен өз қуаныштарын бөлісіп, ұсыныстарын да айтып қалды.
«Күннен-күнге осындай жақсы жаңалықтардың куәсі болып жатырмыз. Бұл қойманың ашылғаны баршаға тиімді деп білемін. Себебі мұнда күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасы әлдеқайда арзан, сапасы да жақсы. Енді аудан орталығынан бірнеше әлеуметтік дүкендер ашылса нұр үстіне нұр болар еді», - деді тауар тұтынушы тұрғын.
Осы орайда үміткер Гүлдәрі Тасболатқызы ауданымызда 2021 жылға 2 әлеуметтік дүкен ашу жоспарда барын айтып, ұсыныс білдірген тұрғынды тағы қуантып қойды.
Материал «Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы, Қазалы ауданының сайлау қоры қаржысы есебінен жарияланды.