Қазан айында инфляция Қазақстанның 8 өңірінде жеделдеді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазан айында елде жылдық инфляция жеделдеп, 8,5%-ды құрады (қыркүйекте – 8,3%). Жылдық инфляцияның 10 өңірде баяулағаны, 8 өңірде жеделдеп, 2-де өзгеріссіз қалғаны байқалды.

инфляция
Фото: Kazinform

Жылдық инфляцияның ең жоғарғы мәні Астана қаласында және Маңғыстау облысында тіркелді.

«Қазанда азық-түлік тауарларының бағасы 4,9%-ға дейін баяулады (қыркүйекте — 5,1%). Осы топтағы тауарлардың бағасы Алматы қаласында (7,4%) айтарлықтай жоғары, ал Түркістан облысында (2,7%) мейілінше төмен өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 7,8%-ға дейін жеделдеді (қыркүйекте — 7,6%). Ең жоғарғы мән Түркістан облысында (13,2%), ең төменгі мән Жетісу облысында (5,0%) тіркелді», — деп жазды Ұлттық банктен.

Қазанда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы 14,3%-ға дейін жеделдеді (қыркүйекте — 13,6%).

Сонымен қатар, Павлодар облысында баға (18,1%) жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Алматы облысында (8,3%) айтарлықтай төмендеді.

Қазанда ел бойынша айлық инфляция 0,9% болды. Бұл бұрынғы орташа мәнінен жоғары (2017-2021 жылдардағы қазанда 0,7%).

Соңғы жаңалықтар