Қазан айы Ауғанстандағы американ армиясы үшін ең сәтсіз ай болып отыр

АСТАНА.  Қазанның 28-і. ҚазАқпарат - Қазан айы  Ауғанстандағы   американ  армиясы   үшін  ең  сәтсіз ай  болып  отыр.   27  күннің ішінде   Ауғанстанда 55 американдық  әскери қызметкер     қаза тапты,  бұл       8 жылдағы  ең    жаман көрсеткіш болып   табылады, 

Қазан айы  Ауғанстандағы   американ  армиясы   үшін  ең  сәтсіз ай  болып  отыр

деп хабарлайды    РБК агенттігі. 

Дүйсенбі күні    тікұшақтармен  байланысты   түрлі  оқиғалардың салдарынан 14 адам қаза  тапса,  сәрсенбі күні американдықтар  тағы 8 жауынгерінен  айрылды.   Жауынгерлерге шабуыл    Қандағар  провинциясында  жасалды.  Американ  қолбасшылығы     бұл оқиғаның  мән-жайы  туралы  хабарлаудан бас тартып отыр.  Бірақ   жауынгерлердің  бір бөлігі тәлібтердің Stryker   сауытты техникасын   жоюының  нәтижесінде  қаза тапқаны  туралы ақпарат  пайда  болды.