Қазан айынан бастап Алматы-Павлодар және Астана-Алматы бағытындағы пойыздар жүре бастайды

АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат - Жолаушылар сұранысының артуын ескере отырып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2010 жылғы қазан айының 4-і мен 30-ы аралығында «Астана-Алматы-2» бағытындағы №36/35 пойызын іске қосады. Пойыз құрамында 11 вагон бар, және ол күн сайын жолға аттанады, деп хабарлайды АҚ-ның баспасөз қызметі.
None
None

Сонымен қатар, 2010 жылғы қазанның 5-інен бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ жедел түде «Павлодар-Алматы-1» бағытындағы №45/46 пойызын жүргізуді бастайды.

Астана-Алматы бағытындағы пойыздардың саны жолаушылар пойызының қысқы кестеге ауысуына байланысты 2010 жылғы қазанның 31-інен бастап толықтай көбейеді. Бүгінгі таңда күн аралатып жүріп тұрған №9/10 және №3/4 пойыздар бұрынғы күн сайынғы кестемен қозғалысқа енетін болады.

Соңғы жаңалықтар