Қазан айында астық жинау үшін қосымша жеңілдікпен 40 мың тонна дизель бөлінеді

ТАНА. 27 қыркүйек. Қазақпарат /Марлан Жиембай/ - Қазан айында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін қосымша 40 мың тонна жеңілдетілген бағамен дизель отыны жеткізіледі.

Қазан айында астық жинау үшін қосымша жеңілдікпен 40 мың тонна дизель бөлінеді

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық форматтағы отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

Оның атап өтуінше, астық түсімінің жоғары болуына, қыркүйектің соңында және қазан айында ауа райы қолайсыз болатындығы болжануына, үлкен аумақтарда жекелеген жиын-терімді қажет ететін бидайдың ылғал тартуының жоғарылауына, сондай-ақ оны кептіруге байланысты дизель отынының қосымша көлемі қажет етіледі.

«Облыс әкімдіктерінің мәліметтері бойынша, қосымша шамамен 40 мың тонна дизель отыны қажет. Кеше бұл мәселе Мұнай және газ министрлігімен бірлесіп шешілді және қазанда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін қосымша 40 мың тонна дизель отыны жеңілдетілген бағамен жеткізіледі», - деді ол.