Қазан айында еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 6,4 пайызды құрады - Статистика агенттігі

АСТАНА. Қарашаның 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Елімізде қазан айындағы жұмыссыздар саны 539,9 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 6,4 пайызға тең болды.

Қазан айында еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 6,4 пайызды құрады - Статистика агенттігі

 Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, өткен қазан айында республика экономикасында шамамен алғанда 7,9 млн. адам жұмыс істеген. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда жұмыспен қамтылғандардың саны 58,6 мың адамға немесе 0,7 пайызға көбейгенін көрсетеді. Сонымен бірге, еліміздегі жалдамалы қызметкерлердің саны есепті кезеңде 5,3 млн. адамды құраған. Бұл көрсеткіш жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 66,2 пайызына тең болып отыр.

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2009 жылғы қазанның соңына 85,5 мың адам ресми тіркелген. Жұмыссыздар ретінде тіркелгендердің үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 1 пайызын құрады. Бұл өткен жылғы ұқсас көрсеткiшпен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа көп.