Қазан айында инфляция деңгейі 0,7 пайызды құрады

АЛМАТЫ. 8 қараша. ҚазАқпарат - Қазан айында инфляция жылдық көрсетуде 5,5 пайызды құрады. Бұл туралы  Ұлттық банктің Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті мәлім етті.

Қазан айында инфляция деңгейі 0,7 пайызды құрады

ҚР Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция қазанда 0,7 пайыз деңгейінде қалыптасты. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде ол 0,2 пайызды құраған болатын. Төртінші тоқсанның басында азық-түлік тауарлары мен азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 0,6 пайызға,  ақылы қызмет көрсету 0,9 пайызға өсті. Былтыр ол азық-түлік тауарларында 0,3 пайыз, азық-түлікке жатпайтын тауарларда 0,1 пайыз, ал ақылы қызмет көрсетуде 0,4 пайызды құраған еді.

2012 жылғы қаңтар-қазанда инфляция 4,6 пайыз көлемінде болды. Былтырғы  қаңтар-қазанда ол 6,5 пайызды құраған болатын. Жыл басынан бері азық-түлік тауарлары 3,8 пайызға (8,0%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 2,8 пайызға (4,4%), ақылы қызметтер 7,5 пайызға (6,7%) қымбаттап отыр. Ал соңғы 12 айда азық-түлік тауарлары 4,9 пайызға (9,1%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар  3,7 пайызға (5,3%), ақылы қызметтер - 8,1% пайызға (7,3%-ға) көтерілген.