Қазан айында Криштиану Роналду туралы фильм жарыққа шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазан айында Португалия құрамасының және мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду туралы фильм көрерменге жол тартпақ. Бұл туралы «Газета.Ru» хабарлайды.

Қазан айында Криштиану Роналду туралы фильм жарыққа шығады

Картинаны Голливудтың Universal Pictures киностудиясы түсіріп жатыр. Фильмді қолдау бойынша ғаламтор науқаны жаз бойы жүргізіледі.

Таяуда 30 жастағы португалдық спортшы Твиттердегі жеке парақшасында 9 маусым күні оның жанкүйерлерін «қызықты жаңалықтар» күтіп отырғанын хабарлады.

Роналду «Алтын доптың» үш дүркін иегері болып табылады.

Тағы басқа жаңалықтар, материалдар және статистикамен Испания футболының парақшасынан танысуға болады.