11:02, 25 Сәуір 2013 | GMT +5
Қазан айында жаңа үлгідегі 100 АҚШ доллары айналымға шығады
АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесі (ФРЖ) 2013 жылдың 8 қазанынан бастап айналымға жаңа 100 долларлық банкнотты шығармақ.
Оның түпнұсқалығын тексеру оңай, ал купюраның жалған көшірмесін жасау керісінше қиынға соғады.
Жаңа үлгіде қорғаныстың үш белгісі - түсі өзгеретін 100 саны, қорғау жібі және Бенжамин Франклиннің су таңба суреті сақталған.
Соңғы мәрте АҚШ-та 100 долларлық купюра 1996 жылы өзгертілген болатын.