Қазан айындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 18 мың 637 теңге болды - Статистика

АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қазан айында күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 18 637 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Қазан айындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 18 мың 637 теңге болды - Статистика

Орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2013 жылғы қазанда өткен аймен салыстырғанда 0,9 пайызға төмендесе, 2012 жылғы қазанмен салыстырғанда 2,2 пайызға өскен. Ол шама негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептеледі.

«Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі - 21,7 пайыз, жемістер мен көкөністерді - 14,2 пайыз, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 15 пайыз, нан және жарма өнімдерін - 7,2 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштер 1,9 пайызды құрады», - делінген баспасөз баянында.