Қазан айының басында Конфедерация кубогы басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазан айының басында күш қолданылатын спорт түрлері және спорттық жекпе-жек конфедерациясының ұйымдастыруымен екінші реткі «Конфедерация кубогі» басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, шілде күні Астана қаласында конфедерация кубогының жеребесі тартылған болатын.

Аталған жарыста еліміздің 16 өңірінің саңлақтары спорттың 5 түрінен жарысқа түседі. Жарыстың ерекшелігі бір мезетте көрермендер бокс, грек-рим күресі, еркін күрес, дзюдо және таеквондо спорт түрлері бойынша сайыстарды тамашалай алады.

16 команда 4 топқа бөлініп қазан айында Ақтау, Шымкент, Тараз және Талдықорған қалаларында іріктеу кезеңдерін өткізеді. Сол жарыста әр спорт түрі бойынша үздік шыққан командалар желтоқсан айының 2-3 аралығында Алматы қаласында өтетін ақтық кезеңде бақтарын сынайтын болады.

Астанада Конфедерация кубогы жеребесі:

А тобы: БҚО, Алматы облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы;

B тобы: СҚО, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, ШҚО;

С тобы: Ақтөбе облысы, Астана қаласы, Қостанай облысы, ОҚО;

D тобы: Қызылорда облысы, Жамбыл облысы, Алматы қаласы, Ақмола облысы

Іріктеу кезеңдері келесідей өтеді:

7-8 қазан - Тараз қаласы D тобын қабылдайды

14-15 қазан - Талдықорған қаласы А тобын қабылдайды

21-22 қазан - Шымкент қаласы С тобын қабылдайды

28-29 қазан - Ақтау қаласы В тобын қабылдайды

Жүлде қоры 125 000 000 теңгені құрайды. Спорт түрі бойынша жеңіске жеткен команда 25 000 000 теңгеге ие болады.

Соңғы жаңалықтар