Қазан қаласында аялдама шатыры опырылып, 9 адам жараланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Татарстан астанасы Қазан қаласында қоғамдық көлік аялдамасы ғимаратының шатыры құлап, тоғыз адам зардап шекті, деп жазады жергілікті ақпарат құралдары.

Қазан қаласында аялдама шатыры опырылып, 9 адам жараланды

Аймақтық ТЖМ ақпаратына сүйенсек, жапа шеккендердің барлығы қаланың бірнеше ауруханасына жеткізілді.

Құлаған шатыр аумағы - 800 шаршы метр. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ASG компаниялар тобының штаб-пәтері ғимаратының да шатыры қирады.