Қазан қаласында Шаляпиннің үйі сүріліп тасталмақ

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Қазан қаласында ұлы опера әншісі Федор Шаляпин дүниеге келген үй сүрілмек.

Қазан қаласында Шаляпиннің үйі сүріліп тасталмақ

Росбалттің хабарлауынша, Шаляпиндер отбасы тұрған екіқабатты ғимарат Қазан қаласының ескі бөлігінде орналасқан. Максим Горький атындағы әдеби мұражайда сақтаулы тұрған метрикалық кітапта: «1873 жылы 1 ақпанда шаруа Иван Яковлев Шаляпиннің ұлы Федор дүниеге келді», деген жазба бар.

Қазіргі уақытта ғимараттың меншік иесі мен Татарстан мәдениет министрлігінің шенеуніктері арасында соттық тексеру амалдары жүргізілуде. Меншік иесі сараптамаға 1 млн. рубль жұмсап, нәтижесінде ғимараттың тек қасбеті ғана тарихи құндылыққа ие деген қорытынды алып отыр.