Қазан қаласындағы апат: Тағы 18 адам үйінді астында қалуы ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат - Казаньда «Адмирал» сауда үйінде шыққан өрттен құрбандардың саны сенбіде 16 адамға жетті. Соңғы қаза тапқан адамның мүрдесі жергілікті уақыт бойынша түнгі бірлер шамасында сауда үйінің үшінші кіреберісінен 10 метр жерден табылды.

Қазан қаласындағы апат: Тағы 18 адам үйінді астында қалуы ықтимал

Бұл осы орыннан табылған әзірге бірінші құрбан, деп хабарлады Татарстан ТЖМ баспасөз қызметінің басшысы Андрей Родыгин. «Ер адамның мәйіті үйінді арасынан табылды», - деді сұхбат беруші.

Родыгиннің деректеріне сүйенсек, үйінді астында тағы 18 адам саны болуы мүмкін.