Қазан қаласындағы циркте пілдер айқасып, көрермендердің зәресін алды

ҚАЗАН. Татар-информ-ҚазАқпарат – Татарстан астанасында цирк қойылымы кезінде екі піл күтпеген қылық көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Татар-информ» агенттігіне сілтеме жасап.

Қазан қаласындағы циркте пілдер айқасып, көрермендердің зәресін алды

Сайттың жазуынша, цирк көрермендері қойылымға шыққан екі пілдің бірі екіншісін қалай қағып құлатқанын видеоға түсіріп алған.

«Осы оқиғадан кейін көрермендер орындарынан асығыс тұрып, тарай бастады. Тағы бір видеода пілдердің бірі қалай құлағаны басқа қырынан түсірілген», - деп жазады жергілікті сайт.

Цирк директоры Рамиль Шарифуллин «Татар-информ» ақпарат агенттігіне берген мәліметінде оқиғаның болғанын растады. Ол аталмыш келеңсіздік жануарлардың көктемгі құбылуынан болуы мүмкін деген болжам айтып отыр.

«Оқиға салдарынан цирк әртістері де, көрермендер де зардап шеккен жоқ. Пілдер де аман-есен», - дейді цирк басшысы.