Қазан мұсылмандары израильдік тауарларға бойкот жариялауға үндеуде

ҚАЗАН. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат - Қазан мұсылмандары Палестинадағы мұсылмандарға қарсы соғыста Израильге қандайда бір көмегі болатын тауарларды сатып алмауға үндеп отыр.
None
None
Татарстан елордасындағы Закабан мешітінің басшылығы «Израиль агрессиясына» қарсылық көрсету туралы бастама көтеруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Regnum агенттігіне сілтеме жасап. Мешіттің хатиб-имамы Саид Жафар «ол тауарларды сатып ала отырып, сіздер Палестинадағы біздің бауырларымыздың жауларына көмектесіп отырсыздар. Ал ол тауарлардың тізімі белгілі - әрбір мұсылман оларды Интернеттен таба алады», деп мәлімдеген. Бойкот жарияланып отырған тауарлардың тізіміне 30-ға жуық әлемдік брендтер кіріп отыр, олардың қатарында сусын, йогурт, кофе және шәйдан бастап ұялы телефон, памперске дейін бар. «Егер осы тауарларды сатып алып отырсаңыздар, қарттар мен балаларды өлтіруге үлес қосып отырсыздар!» делінген мұсылмандарға және халал өнімдер сататын дүкендерге ілінген плакаттарда.
Соңғы жаңалықтар