Қазан-желтоқсан айларында АИ-92 маркалы 272 мың тонна бензин жеткізіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазан-желтоқсан айларында елімізге АИ-92 маркалы 272 мың тонна бензин жеткізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.
Оның айтуынша, «ҚазМұнайГаз» компаниясы ағымдағы жылдың маусым мен қыркүйек аралығында еліміздің ішкі нарығына АИ-92 маркалы 68,8 мың тонна бензин жеткізілген.
«Қазан-желтоқсан айларында АИ-92 маркалы 272 мың тонна бензин жеткізу жоспарланып отыр», - деді Ұ.Қарабалин.
Сонымен қатар, бірінші вице-министрдің сөзіне қарағанда, еліміздің шекарасында бақылау шаралары күшейтілген. Бұл шара республикадан жанармай өнімдерінің заңсыз шығарылуына жол бермеу мақсатында қолға алынған.