Қазанда «Боинг» жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Мәскеуден шыққан «Боинг-737» жолаушылар ұшағы Қазан әуежайына  қонар кезде апатқа ұшырады.

Қазанда «Боинг» жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Алдын ала мәліметтер бойынша,  44 адам қаза тапты, деп хабарлады Татарстан ТЖМ. Апат Мәскеу уақыты бойынша шамамен 19:25-те болған.

Әуе апатының орын алуына техникалық ақаулар, сонымен бірге ұшқыштың қателігі себеп болуы ықтимал деген болжам айтылуда. Аймақтық ТЖМ мәліметтері бойынша, ұшақ жарылған.